Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдің жетекші дәрігерлері марапатталды
Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында салтанатты концерт өтті. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Күзеков Ардақ Мүбәрәкұлы өз құттықтау сөзінде «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді еліміздің басты мерекесі – ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс, жемісті жұмыс, елімізге өркендеу мен амандық тілеймін» — деп атап өтті.
Салтанатты іс-шара барысында медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосқан, ерекше еңбек сіңірген қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты бөлім басталмас бұрын басқарманың 4 маманы мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.