140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысында еліміздегі ең ірі онкологиялық диспансер ашылды

18.12.2019

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодарда жаңа онкологиялық орталықтың ғимараты ашылды. Облыс әкімі Болат Бақауов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ардақ Күзеков, орталықтың дәрігерлері мен мамандары қатысты.

Жаңа ғимаратта стационарлық бөлімшелер, операциялық-реанимациялық блок, ауысымына 100 адамға арналған емхана, сондай-ақ радиологиялық және патологоанатомиялық бөлімдер орналасқан жеке тұрған 4 корпус, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған үй-жай және оттегі станциясы орналасатын болады.

Орталық заманауи жабдықтармен, оның ішінде сәулелі терапияға арналған КТ-симулятормен бірегей желілік үдеткішпен жабдықталған, аталған аппаратты сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1,8 млрд.теңге бөлінген.

Жыл сайын онкологиялық орталықтың дәрігерлері 1500 ота жасайды, оның 30% эндовидеохирургиялық жолмен.

Жаңа онкоорталықтың ашылуы өңір тұрғындарына жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық әдістемелерді пайдалана отырып, қазіргі заманғы деңгейде мамандандырылған онкологиялық көмекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді

Фото: Pavon.kz

.WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.18.45 WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.18.45(1) WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.18.45(2) WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.18.46 WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.19.10 WhatsApp Image 2019-12-13 at 19.19.11






  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа