140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Бөлім бастығының м.а.

Өмірбаян


bgboss

2019 жылғы 16 қыркүйек күні Күзеков Ардақ Мүбәрәкұлы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Күзеков Ардақ Мүбәрәкұлы 1964 жылдың 3 қаңтарында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында дүниеге келген.

Орта мектепті ақтағаннан кейін, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқу түсіп, 1987 жылы институтты «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдады.

2003 жылы «Экономист» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білім алып, Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2016 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленумен тәмамдады.

Еңбек жолы:

Павлодар қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін 1988 жылдан 1991 жылға дейін Баянауыл аудандық орталық ауруханасында жұмыс істеді (АОА балалар бөлімінің меңгерушісі, аудандық педиатр).

1993 жылы Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында «Фтизиопедиатрия» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді. Кейін Павлодар дәрігерлерді жетілдіру факультетінің педиатрия кафедрасында ассистент ретінде жұмыс істеді.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Павлодар облыстық ММСҚ бөлімшесінде (кейін ЦОМУ) түрлі лауазымдарда (бөлім бастығы, директор орынбасарының м.а.) қызмет атқарды.

1999 жылдың желтоқсанында «Облыстық балалар ауруханасы» ҚКМК бас дәрігері болып тағайындалды, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.

2009 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың маусым айына дейін Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2013 жылғы 5 маусымнан бастап 2019 жылғы 16 қыркүйегіне дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры лауазымында қызмет атқарды.

Марапаттары:

Мінсіз жұмысы үшін облыстың денсаулық сақтау департаментінің алғыс хаттары мен мақтау қағаздары бар.

2003 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.

2010 жылы отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға деген риясыз еңбегі үшін Ұлттық медициналық қауымдастықтың «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2015 жылы «Ұлттық Медициналық Қауымдастық» Республикалық қоғамдық бірлестігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ұлттық медициналық қауымдастыққа 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 жылы бас дәрігер А.М. Күзеков «Үздік менеджер – денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы» атты облыстық байқаудың жеңімпазы болып танылды.






  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа