Мемлекеттік органдарға
(тізім бойынша)
Облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің
басшыларына
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1272 бұйрығының (бұдан – әрі Бұйрық) Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және қабылдау кезінде НҚА жобаларын көрсетілген Бұйрықтың талаптарын сақтаумен 1-қосымшаға сәйкес ашық НҚА интернет-порталында орналастыру қажет екендігін хабарлайды.
Бұдан басқа, «Ашық НҚА» порталында жобаларды орналастыру бойынша оқыту материалдарын (жауапты қызметкерлерге арналған пайдаланушыға нұсқаулық, бейне-сабақтар, мысалдар және шаблондар) 2-қосымшаға сәйкес жолдаймыз.
А. Әмірин
Орынд: Құсайынова, 320813
«Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» №160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жүктеу