«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және алға бастыру шеңберінде Павлодар облысында 400 мың адамды қамтумен 600-ға жуық іс-шара өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта облыста 59 жоба іске асуда.
Біліктілікті көтеру, бірегей өнімдер мен нәтижелерге жету мақсатында Павлодар өңірлік жобалық офисінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» республикалық жобалық офисінде апталық тағылымдамадан өтті.
- «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде.
«Атамекен» кіші бағдарламасының «Асыл жүрек» әлеуметтік жобасы шеңберінде бір ай ішінде өңірдің 180 тұрғыны өмірлік қиын жағдайға душар болған, аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүмкіндігі шектелген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетті. Жобаны іске асыруға демеушілер, барлық деңгейдегі депутаттар және облыстың жанашыр азаматтары атсалысты.
Бағдарламаны іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 14 қазанда облыс мектептерінде «Рухани жаңғыру» атты бірыңғай танымдық күн өтті. Осы іс-шара шеңберінде «Мектебіме тағзым» акциясына қатысқан табысты адамдармен, түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, ұлттық салт-дәстүрді тәрбиелеу мақсатында мектептерде
«Мой взгляд на будущее» атты сынып сағаты, «Асық games» ұлттық ойындары, «Достық шеберханасы» атты ұлттық-қолданбалы өнердің сынып сабақтары ұйымдастырылды.
5 қазанда жастар орталығында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының студенттерімен кездесу өткізілді. Сонымен қатар осы кездесуде көші-қон бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп іс-шара соңында студенттерге жастар орталығының холында «Кино кеш» – фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Павлодар өңірінен «Серпін» бағдарламасының қатысушылары Қарағанды қаласында өткен «Серпін серпілісі» республикалық жобасына барып қайтты. Осы іс-шара шеңберінде жобаның қатысушылары Сарыарқа өңірінің сакралды орындарына сапарға барды. Саяхаттың соңында олар Баянауыл өңірінің қасиетті жерлерін аралады.
«Атамекен» кіші бағдарламасының «Тұрғындардың өмір сапасын қанағаттандыру деңгейін көтеру» индикаторына сәйкес әлеуметтік саланың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылай ағымдағы жылғы 10 қарашада «Павлодар транспорт және коммуникация колледжі» КМҚК жанында «Цитадель» фирмасы» ЖШС бас мердігер болып табылатын жалпы аумағы 5400 ш.м. алатын спорттық алаң ашылды (құрылыстың құны – 61,2 млн. теңге).
Сонымен қатар қазан айында Баянауыл ауылында жаңа саябақтың ашылуы өтті. Осы алаңда сәнді қоршаулар, балалар алаңы мен кіші формалар орналастырылған, сонымен қатар спорт әуесқойлары үшін воркаут-алаң қарастырылған (құрылыстың құны – 40 млн. теңге).
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 18 қазанда білім беру, мәдениет мекемелері өкілдерінің, облыс прокуратурасының, дәрігерлердің, ҮЕҰ, БАҚ және шығармашылық мамандықтар өкілдерінің қатысуымен ерекше білімге мұқтаж балалар үшін «Мы вместе!» атты фотосессия ұйымдастырылды.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Жас волонтер» жобасын іске асыру мақсатында облыста еріктілер қозғалысы бастау алды. Еріктілер қозғалыстарын дамыту мақсатында келесі бағыттар бойынша үйірмелер белгіленді: «Милосердие», «Driver», «Контур», «СИЯНД», «Қамқор», «New Generation», «Студенты читают детям» және «Здоровые зубы – здоровые дети – здоровая семья». Олар 24 қазан күні Павлодар қаласының №43 мектебінде «Здоровые зубы – залог здоровья» атты дәріс оқып, профилактикалық тексеру өткізді. Сонымен қатар «Контур» еріктілер қозғалысының жетекшісі Павлодар бизнес-колледжінің 2 – курс студенттерімен №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына робототехника бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.
- «Қазақстанның қасиетті жерлері» арнайы бағдарламасы шеңберінде.
Қазіргі уақытта облыста 75 объектіден тұратын сакралды орындардың тізімі әзірленді. Осы тізімнің 5 объектісі сакралды орындардың республикалық тізіміне енді. Олар: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі (Баянауыл ауданы, Ескелді аумағы), Исабек Ишанның кесенелік кешені (Екібастұз қаласының ауылдық аумағы), Қоңыр әулие үңгірі (Баянауыл ауданы), Ақкөл Жайылма қалашығы, Жасыбай батырдың монументі (Баянауыл ауданы).
Ағымдағы жылғы 5-6 қазанда өңірлік жобалық офистің қызметкерлері «Қасиетті Қазақстан» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың қызметкерлерімен Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен Павлодар өңірінің сакралды орындары бойынша ғылыми-танымдық экспедицияны ұйымдастырды.
Ағымдағы жылғы 6 қазанда «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасын іске асыру бойынша өңірлік жобалық офис сараптама тобының 3 отырысы өтті.
Ағымдағы жылғы қазан айынын басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ертіс өңірінің оқушылары үшін Баянауыл ауданында бірегей өлкетанулық экспедиция өтті. Осы экспедицияға Ақсу қаласы, Баянауыл, Качир, Май және Успен аудандарынан 5-9 сыныптардың 150 оқушысы қатысты. Бұл іс-шара Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтті.
Ағымдағы жылғы қазан айының ортасында Ертіс ауданының төрт мектебінен 40 бала бағдарлама шеңберінде туған өлкесінің сакралды орындары бойынша экспедиция ұйымдастырды. Олар танымал орындардың бірі – «Қос ағаш» қайыңы немесе халық «Киелі ағаш» деп атайтын қасиетті жерге барды.
Сонымен қатар қазан айында «Қасиетті жерлерге саяхат» акциясы шеңберінде 19 қалалық және 5 ауылдық колледждердің 218 оқытушысы және 2766 студенті екі ай ішінде (қыркүйек, қазан) облыс бойынша бірегей экскурсияларға қатысты. Экскурсия барысында олар Даңқ ескерткішіне, саяси репрессия құрбандарының еске алу мемориалына, 30 – жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішіне және «Қазқонақ» ашық аспан аясындағы палеонтологиялық ескерткішіне барды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму бойынша комитетінің көшпелі отырысы шеңберінде 20 қазанда комитет өкілдері Сұлтанбет Сұлтанның ордасына барды.
- «Қазақ тілін латын әліппесіне ауыстыру» арнайы жобасы шеңберінде.
Ағымдағы жылғы 10 қазанда облыстың ғалымдары мен тіл жаңашырлары латын графикасының жаңа жобасын талқылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 13 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-зерттеу кеңесінің мүшесі, саясаткер Дос Көшімнің төрағалығымен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы қорытындыланды. Осы жоба шеңберінде тіл саясаты бойынша сегіз кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылғы 16 қазанда бағдарламаны іске асыру мақсатында ЖОО студенттік жастарымен «Переход на латиницу – веление времени» тақырыбына пікірталас ұйымдастырылды.
18 қазанда «Языкознание и латинский алфавит» тақырыбына онлайн-семинар өтті. Осы семинар қазақ тілін оқытатын оқытушылардың біліктілігін көтеруге бағытталған. Іс-шараға онлайн режимде алыс қолжетімділікті қолданумен Ертіс, Павлодар аудандарының және Ақсу қаласының қазақ тілі оқытушылары қатысты.
Осы арнайы жобаны іске асыру мақсатында Ертіс ауданында 5-6 сынып оқушылары қатысқан «ФИО пишем на латинской графике» атты акция бастау алды. Қатысушылар латын графикасының жаңа нұсқаларын қолданумен қазақ тілінде диктант жазды. Іс-шараға 200 адам қатысты. Сонымен қатар мектептерде латын графикасымен таныстыру үшін сынып сағаттары жұмыс жасайды.
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы бағдарламасы шеңберінде.
Республикалық комиссияның бірінші іріктеу кезеңі өтті. 2000 үміткерден 300-і іріктеліп алынды, оның 25 үміткері Павлодар облысынан. Ағымдағы жылғы 10 қарашаға дейін екінші кезең – интернет дауыс беру жүзеге асуда. Жыл соңына дейін «Павлодар облысының жаңа тұлғалары» өңірлік жобасын әзірлеу жоспарлануда. Павлодар облысы бірінші кезеңде 40 мыңнан астам дауыс жинаған болатын.
- «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті» бағыты бойынша.
Ағымдағы жылғы қазан айында облыс жастарының өкілдері Сочи қаласында өткен XIX дүниежүзілік жастар және студенттер фестиваліне қатысты.
10 қазанда бағдарламаны іске асыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеу мақсатында ҚР «Дарын» мемлекеттік марапатының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Е. Ибрагимнің қатысуымен «Көк тудың желбірегені» атты іс-шара өтті.
Қоғамдық сананы жаңғырту, өзіндік мәдениетті сақтау, оқытуды дамыту мақсатында бағдарлама шеңберінде ақын, драматург, Д. Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Аманжол Шамкеновтың 90 жылдығына орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Библионочь – мир библиотеки» атты ауқымды іс-шара өтті. Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты.
Қазақстандық қоғамда төзімділікті, рухани құңдылықтарды нығайту және қайта дамыту шеңберінде 18 қазанда Рухани келісім күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде діни бірлестіктердің шығармашылық кеші өтті.
19 қазанда С. Торайғыров атындағы ПМУ-да қоғамдық қайраткер, мәдениеттанушы М. Әуезовтың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Сапар шеңберінде «Времен связующая нить» және «Ділім» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ғылыми қауымдастық қатысты.
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағытын іске асыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзіретінде.
Облыста «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау және талдау бойынша сараптама кеңесі құрылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету.
Облыста бағдарламалық мақаланы іске асыру бойынша қаржыландыру мәселесі оң шешілуде.
Өңірде жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеден асатын әлеуметтік сала инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде қалалар мен аудандар орталығында тұрғын үйлердің, дәрігерлік амбулаториялардың, студенттерге арналған жатақханалардың, оңалту орталықтарының, туризм объектілерінің құрылысы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламалық мақаланы іске асыру шеңберінде өңірлік жобалық офис жалпы сомасы 5 млрд. теңгеден асатын 2017-2022 жылдарға арналған жобалар іріктеді.
«Рухани жаңғыру»бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз ету.
«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасын іске асыру және алға бастыру мақсатында өңірде республикадағы ірі контенттердің бірі «Рухани жаңғыру Павлодар облысы» «Facebook» және «Instagram» (rukhanizhangyrupvl) әлеуметтік желілері жұмыс істейді. Аталмыш топтар 6200 жазылушыны қамтиды.
Әлеуметтік желілерде бағдарламалық мақала бойынша #руханижаңғырупавлодар, #модернизациясознанияпавлодар, #руханижаңғыру атты бірыңғай хэштегтері аясында жұмыс ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың сандық қорытындысы 20 мыңнан аса жарияланымды, репостар мен лайктерді құрайды.
Осы тақырыпты жариялауға «Tengrinews.kz», «Zakon.kz», «Nur.kz», «Todаy.kz», «Іnformburo», «BAQ» республикалық интернет-ресурстар, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» республикалық газеттері, «Хабар 24», «Qazaqstan» республикалық телеарналары, «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» облыстық газеттері, «Ertis», «Ирбис» телеарналары және «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігі тартылды.
Облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттері бетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» атты айдарлар ашылып, жұмыс жасауда.
Қалалар мен аудандардың, мемлекеттік мекемелердің ресми интернет-ресурстарында «Рухани жаңғыру» айдарларының контенттік толықтырылуы қамтамасыз етілуде.
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жариялау бойынша негізгі месседждер мен ақпараттық жұмыстың бағыттарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдар журналистермен және блогерлермен кездесулер өткізуде. Есептік кезеңде 40-тан астам кездесу ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылғы қыркүйек айынан «Ertis», «Ирбис» телеарналары эфирінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» ішкі бағдарламасы шеңберінде өңірдің қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени-спорттық өмірі көрсетілген «Апта бейнесі» жобасы трансляциялануда. Қазіргі уақытта Ақсу қаласының, Ақтоғай, Железин, Качир және Ертіс аудандарының хабарлары жарияланды.
Сонымен қатар осыған ұқсас жұмыс баспалық БАҚ-та ұйымдастырылды. Онда қалалар мен аудандардың ақпараттары апталық негізді шығып тұрады. Бүгінгі күні Павлодар және Шарбақты аудандарының әлеуметті-экономикалық дамуы бойынша ауқымды мақаланың шығуы ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Павлодар қаласында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ жұмысшы жастары жасаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы символының инсталляциясы(құс) орналастырылды. Сонымен қатар жылдың соңына дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған екі жаңа инсталляцияның ашылуы жоспарлануда.
Бағдарламаны алға бастыру шеңберінде Павлодар қаласында 20-дан астам ту орналастырылды. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының шығу сәтінен бастап облыстың барлық бұқаралық ақпарат құралдарында 2000 материал шықты, оның 1141-і баспалық, 519-ы электрондық БАҚ-та жария етілді.
340-ы республикалық және облыстық ақпараттық агенттіктерінің интернет-ресурстарында жарияланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.