Ғалымжан Олжабайұлы Амиркенов
Екібастұз қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері
1986 жылңы 17 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Коминтерн ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған соң «Педиатрия» мамандығы бойынша Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясына түсті. 2011 жылы Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.
2012-2013 жылдар аралығында Павлодар қаласы №1 Емханасының жалпы тәжірибе дәрігері болып жұмыс істеді, 2012 жылы жарақатты емдеуші-ортопед дәрігері қызметіне ауыстырылды.
2013-2014 жылдары Павлодар қаласы №3 Емханасының аудит бойынша бас дәрігерінің орынбасары болды.
2014 — 2016 жылдары «ASK.MED» ЖШС бас дәрігері болып еңбек етті.
2016 жылғы шілде айында Павлодар қаласы №3 Емханасының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2016 жылғы 23 қыркүйекте емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылы экономика және бизнес бакалавры атты академиялық дәреженің берілуімен, Алматының экономика және статистика академиясының сырттай бөлімін бітірді.
2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетте экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
2016 жылы Прага қаласында (Чехия) «Innovative and justainable healthcare management» тақырыбы бойынша тағлымдамадан өтті.
«Жарақатты емдеу-ортопедия» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша (камбустиология) екінші біліктілік санатының берілуі туралы куәлігі және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілік санатының берілмеуінсіз маман сертификаты бар
Мұхаметқайыр Тағлымұлы Андосов
1962 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында туған.
1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетінің 1 курсына оқуға түсті. 1986 жылы бітірген соң, терапия мамандығы бойынша Павлодар қаласының №2 қалалық ауруханасында интернатурадан өтті.
1988 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында КСРО қарулы күштері қатарында медициналық қызмет бөлімінің бастығы лауазымында қызметін өтеді.
1990 жылдан бастап 1992 жылдар аралығында Павлодар алюминий зауытының медициналық-санитариялық бөлімінде терапевт дәрігер болып қызмет атқарды.
1992 жылдан бастап 1995 жылдар аралығында эндоскопист дәрігер қызметіне ауысты.
1995 жылдан бастап 1997 жылдар аралығында Павлодар алюминий зауытының медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері болып тағайындалды.
1997 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласының қалалық аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері болып тағайындалды.
2004 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында Павлодар ауданы денсаулық сақтау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2005 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында «Павлодар нефтехимиялық зауыты» ЖАҚ «Нефтехимик» профилакториясының бас дәрігері болып тағайындалды.
2009 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Кастинг» ЖШС ПФ директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап 2014 жылдар аралығында «Павлодар қаласының №4 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері болып қызмет атқарды.
Үйленген, 2 баласы, 1 немересі бар.
2001 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Арынов Серикжан Арынович
ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері
Туған жылы: 27 қазан 1974 жылы. Туған жері: Қарағанды қаласы. Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 баласы бар. ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық аурухансының» КМК бас дәрігері. Білімі: Жоғары, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына 1992 жылы түсіп — 1997 жылы бітірді, «Тіс дәрігері».
Жұмыс тәжірбиесі: 1997-2004 ж.ж. — Абай СУА бас дәрігер болып қабылданды. 2004-2006 ж.ж. — Ертіс ауданың денсаулық сақтау бөліміне бас дәрігер болып кабылданды.
2006-2007 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет ауыстыру тәртібемен Ертіс ауданың бас маман өкілі денсаулық сақтау бөлімі. 2007 ж. – Ертіс орталық аудан ауруханасына бас маман ретінде қабылданды.
2007-2010 ж.ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау бөлімі «Ертіс ауданының емханасына» бас дәрігері болып тағайындалды.
2010-2012 ж.ж. – Ертіс орталық ауданың аурухана бас дәрігер міндеттіне тағайындалды.
07.05.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан ауруханасың уақытша бас дәрігердің міндеттін атқарды.
16.07.2012 ж. – Ақтоғай орталық аудан аурухансына бас дәрігер болып тағайындалды.
09.07.2015 ж. — ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасының» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.
Жетістіктері: 2014жылы Ақтоғай аудан әкімінің Құрмет грамоттасымен марапаталды.
2015 жылы Павлодар облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапаталды
Қанадан Қанашұлы Ахметжанов
ШЖҚ «Павлодар облыстық Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері
1961 жыл, 29 наурыз Павлодар облысы, Ленин кентінде туды.
1978-1988жж. Семей мемлекеттік медициналық институты, «Емдеу ісі» мамандығы, дәрігер-емдеуші біліктілігі берілді.
Денсаулық сақтаудың жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушысы.
Екінші жоғарғы білімі: Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, «Экономика» мамандығы, академиялық дәрежесімен бакалавр-экономист біліктілігі берілді.
1988 қыркүйек-1990 қыркүйек. Аспирантура (БҒХО) ССРО медицина ғылымдары Академиясының Бүкілодақтық ғылыми хирургия орталығы, Мәскеу қаласы.
1991ж. наурыз-1993ж. қазан. ДЖФ төтенше жағдайлар және қауырт медициналық көмек курсының ассистенті. Павлодар қаласы.
1994ж.қаңтар-1997ж. қыркүйек. ДЖФ катастрофа медицинасы курсының меңгерушісі. Павлодар қаласы.
1997ж.қыркүйек-2009ж.15 наурызы. «Қазақстан Алюминийі» АҚ медициналық орталығының бас дәрігері. Павлодар қаласы.
2010ж.12 наурызынан бастап-2010ж. 17 мамыры. Павлодар қаласының № 4 емханасының бас дәрігері.
2010ж.17 мамырынан бастап -ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері.
2010ж.15 қыркүйегінен бастап,Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы.
Оқу дәрежесі бар: медицина ғылымының кандитаты,ВНЦХ Мәскеу қ, 1990 жыл, 11 ғылыми басылымдар.
Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» Ордені.
Ведомстволық наградалар:
- «ҚР Денсаулық сақтаудағы үздігі» төсбелгісі;
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» 2015 жылғы 28 мамырдан төс белгісі;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай медалі.
- Павлодар облысының денсаулық сақтау Департаментінің құрмет грамотасы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы- 2010 жыл.
Павлодар облысының денсаулық сақтау Басқармасының құрмет грамотасы 2011 жылғы 25.03-нен №169-Ө бұйрығы.
Павлодар қалалық Мәслихатының құрмет грамотасы, 2011 жылғы 21.18 наурыздағы өкімі.
Павлодар облысының Әкімі «Алғыс хаты» 2012 жыл.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық іс-қимылын бақылау Комитетінің «Алғыс хаты», Астана қаласы.
2017 жылғы 16 маусым Астана қаласында «2017 жылдың үздік денсаулық сақтау менеджері- ұйымдастырушысы» номинациясын бойынша дипломы.
Денсаулық сақтаудағы жұмыс өтілімі 27 жыл, басшылық лауазымында -15 жыл.
Үйленгенмін.Екі қызым бар
Ахметов Мәрлен Нариманұлы
ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 ауруханасы” КМК бас дәрігері
1968 жылғы шілденің 01 жұлдызында Павлодар қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ.
1985 жылы Павлодар қаласының № 4 мектебін бітірді, сол мектепті бітіргеннен соң 1985 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының “емдеу ісі” мамандығы бойынша институтқа түсіп, 1991 аяқтады.
1991 жыл мен 1992 жыл аралығында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында “терапия ” мамандығы бойынша интернатурадан өтті, интернатураны бітіргеннен кейін, 1992 жылдан 2002 жылға дейін №1 қалалық ауруханасының нефрология және созылмалы гемодиализ бөлімшесінде дәрігер-ординатор қызметін атқарды.
2002 жылдан 2004 жылғы дейін Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2004 жылы Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылғы 13 қаңтарда “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал осы жылдың 24 ақпанынан бастап конкурстық негізде “Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК бас дәрігерігері болып тағайындалды және аталған кәсіпорында қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді, 2013 жылы Павлодар қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” КМҚК атауы ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК болып өзгертілді.
Үнемі кәсіби деңгейін жетілдірумен шұғылданады, төмендегідей біліктілікті жетілдіру курыстарын бітіріп, сертификаттарға ие болды:
-2008 жылы СММА ПФ “Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері ” циклы бойынша оқу бітірді;
-2011 жылы Алматы қаласында ТЖ және АҚ саласы бойынша басқарушы құрамның біліктілігін жетілдіру курсын оқып бітірді;
-2011 жылы “ Болашақтың госпиталы ” атты 2-ші Халықаралық форумына қатысты;
-2012 жылы “Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдері ” тақырыбы бойынша оқу бітірді.
— 2013 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбы бойынша Алматы қ. оқытудан өттім.
-2014 жылы «Кәсіпорындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау» бойынша курсын өттім.
-2015 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбы бойынша Павлодар қ. оқытудан өттім.
«Қоғамдық денсаулық сақтау ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгісімен марапатталды.
Бұратаева Гүлнар Бағдатқызы
ШЖҚ «Екібастұз қаласының перзентханасы» КМК бас дәрігері
1966 жылдың 01 қаңтарында Семей облысы, Аякөз қаласында, қызметшілер отбасында дүниеге келді.
Орта мектепті аяқтаған соң, Семей мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1990 жылы емдеуші дәрігер біліктілігін берілумен емдеу ісі мамандығын аяқтады.
— 1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Екібастұз қаласындағы перзентханада акушерия мен гинекология бойынша интернатурадан өтті;
— 1991жылдан бастап 1993жылға дейін «ПТЗ » ӨҚ-ның медсанитарлық бөлімінде акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;
— 1993 жылдан бастап 1998 жылға дейін Павлодар қаласындағы, 1-ші қалалық аурахананың акушерлік- обсервационды бөлімінде акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;
— 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін Павлодар қаласындағы облыстық перзентханада акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;
— 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Облыстық перинатальдық орталығы» МККК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;
— 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін Павлодар облыстық перзентханада акушер- гинеколог дәрігер болып жұмыс істеді;
— 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін ШЖҚ «№1-ші Павлодар облыстық перинатальдық орталығы » КМК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;
— 2012 жылдан бастап 2016 жылдың 21 қаңтарына дейін ШЖҚ «№1-ші Павлодар облыстық перинатальдық орталығы » КМК-да бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;
— 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 29 наурызына дейін ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-да бас дәрігердің міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді;
— 2016 жылдың 30 наурызынан бастап осы күнге дейін ШЖҚ « Екібастұз перзентханасы» КМК-ның бас дәрігердің лауазымын атқарып келеді;
«Акушерия және гинекология » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен куәлігім және « Жалпы денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санат берілумен маман сертификатым бар.
2017 жылы Инновациялық Евразиялық университетінің Менеджмент мамандығы магистратураны аяқтады.
Еңбек қызметімдегі жылдары « Өмір сыйлайтын алтын алақан», номинациясының сыйлығымен, перинаталдық орталық басшысының, денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, құрметті грамоталармен марапатталдым.
Акушерия және гинекология бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама өткізу құқығына екі рет аккредителді.
Дюржанов Әділ Әділбекұлы
ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК бас дәрігердің м.а.
1981 жылы Павлодар қаласында туды. Ұлты – қазақ.
2006 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семипалатинск мемлекеттік медициналық академиясын үздік бітірдім. 2007 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша ойдағыдай интернатураны аяқтады.
2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Жүрек-тамыр хирургиясы» мамандығы бойынша А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының клиникалық ординатурасында дайындықтан өтті.
27.08.2009 ж.-24.01.2013 ж. – жүрек-қантамыр хирург дәрігері, «№2 Павлодар қалалық аурухана»;
24.01.2013 ж.-15.07.2013 ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық» РМК;
15.07.2013 ж.-02.12.2014 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары;
03.12.2014ж.-24.02.2015ж. – кардиохирург дәрігері, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндеттері жүктелуімен;
25.02.2015 ж.-01.06.2015 ж. – осы орталықтың директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым;
02.06.2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК кардиохирургиялық клиникасының бас дәрігері (директордың орынбасары).
12.09.2017 ж. бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМКдиректорының міндеттерін атқарады.
Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелде (Израиль, Италия, Нидерланды, Австрия) әртүрлі конференциялар, съездер, симпозиумдар, семинарларға бірнеше рет қатыстым. Кардиохирургия және эндоваскулярлы хирургия бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарды ұйымдастырдым және қатыстым.
Ғылыми-клиникалық журналдарда және медициналық басылымдарда мақалалар мен тезистерімнің жарияланымдары бар.
А.Н. Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы ғылыми орталығының ізденушісі бола тұра, «Жүрек-тамыр отадан соң отадан кейінгі хилотораксты емдеудің нәтижелері» тақырыбы бойынша диссертацияны ойдағыдай қорғадым және 2013 жылғы 8 ақпанда медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.
2012 жылы Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиохирургі болып тағайындалдым.
2013 жылдың 22 қарашасында «Кардиохирургия» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.
Қоғамдық жұмысты орындай отыра, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының төрағасымын.
«Жылдың ұйымдастырушы дәрігері» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2012ж.;
Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2012 жыл;
Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым,2013 жыл;
«2015 жылдың маманы» Ұлттық сертификатымен наградталдым;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ПҚФ «Нұр Отан» партиясының Алғысын алдым, 2016 жыл;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталдым, 2016 жыл;
Тұңғыш Президент күніне орай ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК Алғыс хатымен марапатталдым, 2016 жыл.
Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеуде
Жанат Кұттұмбетқызы Есімова
«Павлодар облыстық тіс емханасы» КМҚК бас дәрігері
1965 жылы 06 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Павлодар педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық академиясы.
Жанат Кұттұмбетқызы – жоғары санатты «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» дәрігері, аккредитталған тәуелсіз сарапшы, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас стоматолог-дәрігері, тәжірибелі, жұмыс өтілі мол, жоғары санатты стоматолог дәрігер, шыдамдылығы, жасампаздығы, талпынысы мол, жоғары кәсіпқой, заманауи басшы.
Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен сапалы стоматологиялық қызмет көрсету бойынша мақсатты тиімді жұмыстар іске асырылып жатыр.
Жанат Кұттұмбетқызы емханада жұмыс істеу үшін оңтайлы шешім қабылдайды, емхананың материалды-техникалық базасын жақсартып, балалар мен ересектерге сапалы стоматологиялық көмек көрсету үшін инновациялық технологияларды енгізумен айналысады. Әлеуметтік серіктестікті кеңейту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асырып отыр.
Біліктігін арттыру курстарына қатыса отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жоғарлатуға үнемі тырысады, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға белсене қатысады.
Тіс жегін алдын алу бойынша іс-шараларды танып-білуге және оны істеуге қатысады. 110 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15-і халықаралық маңызы бар шығарылымдар. Тісті емдеу стоматологиясы аясындағы патенттері (2012ж. 17 ақпандағы №25530, 2012ж. 02 тамыздағы №26038, 2012ж. 25 желтоқсандағы №26557, 2013ж. 18 желтоқсандағы №27861) және стоматология аясындағы авторлық өнертапқыштары (2013ж. 17 қазандағы №84434, №84432, №84825) бар.
Жанат Кұттұмбетқызы құралдармен тексеру әдістерін жетік меңгерген. Оның басшылығымен заманауи және дәл диагностика жүргізіледі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Стоматология қызметінің үздігі», «За заслуги в медицинской сфере», «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс белгілерімен бірнеше рет марапатталған .
Жанат Кұттұмбетқызы басқарып отырған емхана 2016 жылы «Лучшее предприятие Республики Казахстан» атанған. Осы көрсеткіш ең үздік көрсеткіштердің бірі және ол «Лидер отрасли» ұлттық сертификатымен, медалімен расталған.
Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал еткені үшін, емхана қызметінің даму көрсеткіштері жоғары болғаны бойынша 2016 жылы «ГОРДОСТЬ МЕДИЦИНЫ» мәртебесін иеленген және «ВЕЛИКОЕ НАСЛЕДИЕ ГИППОКРАТА» медалін алған.
Жанат Кұттұмбетқызының басшылығымен емхананың қызметкерлері облыстық конкурстарға, жарыстарға белсене қатысып, «сборная Стоматология» командасы Облыстық турслетте (1 орынды), волейболдан ерлер құрамы командасы (1 орынды), кіші-футболдан өткен облыстық спартакиадада (2 орынды) иеленген.
Павлодар облысының стоматологиялық қызметі жоғарғы бағаға ие. Кепілдеме көлемінде тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде 18-жасқа дейінгі барлық балалар, жүкті әйелдер және мүгедектер қамтамасыз етілген. 800 астам оқушысы бар барлық мектептерде стационарлы стоматологиялық бөлмелер ашылып, ол жерде оқушылар ауыз қуысын жоспарлы түрде сауықтыра алады. Туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек көрсетілді. Шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы стоматологиялық қондырғыда стоматологиялық көмек көрсетіліп отыр. Медициналық колледжпен орнатылған тығыз байланыс профилактикалық іс-шараларға оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік береді. Емхана заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Марапаттамалары:
2001ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы
2007ж. – Павлодар қаласы мәслихатының Құрмет грамотасы.
2011ж. – Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.
2012ж. – ҚР Денсаулық сақтау Министерлігінің Алғыс хаты.
2013ж. – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы.
2014ж. — «Отличник стоматологической службы» төс белігісі.
2014ж. – ҚР Денсаулық сақтау министерлігің Алғыс хаты.
2014ж.- «ЕКАС» ОО Прездинетінің грамотасы.
2014ж.- ДККМФД басшысының Алғыс хаты.
2015ж. — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.
2015ж. – «БО-НА» ЖШС-ы директорының Алғыс хаты.
2016ж. — «За заслуги в медицинской сфере» ордені.
2016ж. — «Почетный гражданин Евразийского Союза Государств» төс ордені мен Құрмет грамотасы.
2017ж. — №23 ЖОББ мектеп директорының Алғыс хаты.
2017ж. – Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хаты.
Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы
ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері
«Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері
Білімі — жоғары.
1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған, емдеу дәрігері біліктілігі тағайындалған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, Бакалавр академиялық дәрежесі бар менеджер біліктілігі тағайындалған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда-саттық унисерситеті Астана қ.- экономика және бизнес магистрі 2016 ж.
Біліктілікті арттыру курстарын өткен:
2010ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 234с.
2012ж. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару», 54с.
2012ж. «Денсаулық сақтау менеджменті. Кадрлық ресурстарды басқару», 54с.
2016ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 216 с.
Қызмет еткен жылдарында мынадай наградалар берілді:
Железин ауданы әкімінің мақтау қағазы,
ҚР Президентінің алғыс хаты,
Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының мақтау қағазы, 2005ж.
Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподақ облыстық филиалы төрағасының мақтау қағазы, 2010ж.
«Павлодар облысына 75 жыл» медалімен марапатталған, 2012ж.
ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2014ж.
Жұмыс тәжірибесі :
1994-1997жж. — Екібастұз қаласының тубдиспансерінде фтизиатр-дәрігер қызметін атқарған;
1998-2001жж. — Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер, фтизиатр-дәрігер;
2001-2003жж. — «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМКК, медикаментозды түзеу бөлімінің меңгерушісі;
2003-2006жж. — Железин ОАА МҚКК бас дәрігері;
2006-2008жж. — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының АМСК пен инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары;
2008-2015жж. — «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық» ММ-нің бас дәрігері;
2015 ж. қазіргі уақытқа дейін «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.
Кахан Орынбекұлы Иманбеков
«Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК бас дәрігері
1973 жылдың 1қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келді.
Мектепті бітіргенен кейін 1989 жылдың 15.09. — 1990 ж. 12.09. аралығында еңбек жолын ҚОКА зарарсыздандыру бөлімі санитары қызметінен бастады.
1990 жылдың 04.08. Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатр факультетіне түсіп, 1996 жылдың 01.07.бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін Алматы қ. «Сұңқар» медициналық орталығына педиатр дәрігері қызметіне қабылданған.
Біліктілігін қайта өзгеруіне байланысты және психотерапевт-нарколог дәрігері біліктілігін игергеннен кейін 1997жылдың 30.12«Сұңқар» медициналық орталығының нарколог-психотерапевт дәрігері.
2002 ж. 03.05. «Тау Сұңқар» медициналық орталығында нарколог-психиатр дәрігері.
2004 жылдың 08.08.-нен — 2008жылдың 12.12. аралығында «Тау Сұңқар» ЖШС-гі медициналық орталығында экономика мәселесі бойынша директордың орынбасары.
2009 жылдың 06. қаңтарынан бастап 2009 жылдың 12 тамыз аралығында – Астана қ. «Психикалық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығы»ММ ұсынылатын медициналық қызметтер сапасын бақылау бойынша орынбасары.
2009ж. 13 тамызынан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінің» бас дәрігері етіп тағайындалған. 2008 жылы Алматы қ., Экономика және құқық академиясына оқуға түсіп 2010 ж. 21.06. «финансы» мамандығын оқып бітірді.
Мамандық бойынша жалпы өтілі: 21 жыл, атқаратын қызметі бойынша өтілімі 8 жыл.
«Денсаулық сақтаудың ұйымдастырушы дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаттағы сертификаты — 2015ж.21.08., «Психиатр дәрігері» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаттағы сертификаты — 2016ж. 19.05., «Сот психологиялық-психиатриялық сараптама» мамандығы бойынша біліктілік сертификаты бар. Медицина ғылымдарының кандидаты (ҚР білім және ғылым Министрлігі саласында бақылау бойынша Комитетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №3 хаттамасы).
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры болып табылады.
Кабулов Каирлы Сартаевич
«Павлодар қаласының №3 емханансы» КМҚК бас дәрігері
Туған жылы: 29.10.1966 ж.
Жасы: 50 жас
Отбасылық жағдайы: үйленген
Еңбек өтілі: 23 жыл 4 ай.
Жынысы: ер
Білімі: жоғары — медициналық
1984 жылдың қыркүйегі – 1992 жылдың маусымы–«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтындағы оқу.
2005 ж. ақпан – 2005 ж. желтоқсан – «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджер» Алматы қ. ҚДЖМ.
2017 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді-Инновациялық Евразия университеті.
Еңбек қызметі:
1992 жылдан 1993 жыл аралығы –Павлодар қаласындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапевт-дәрігері.
1993-2001 ж.ж. — Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Спартак учаскелік ауруханасының бас дәрігері.
05.2001–10.2001 ж.ж.. — Павлодар қ. «Гиппократ» МО ЖШС-нің атқарушы директоры
2001–2002 ж.ж. -Павлодар қаласындағы «Павлодар облыстық бейімдеу орталығы» ММ-нің терапевт-дәрігері.
2002–2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Лицензиялау және дәрімен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы
02.2006–10.2006 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.
2006 – 2007 ж.ж. — «Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы
2007-2010 ж.ж. -. «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» ММ-де бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары
2010-2012 ж.ж. — «Ақсу қаласынын емханасы» ККМК-нің бас дәрігері
2012-2013 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің бас дәрігері
2013-2015 ж.ж. — ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК-нің директоры
2015-2016 ж.ж. ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК-нің бас дәрігері
2016 ж. шілде– қ/к дейін — ШХҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-ның бас дәрігері
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы жоғары біліктілік категориясы бар.
Марапаттар:
«Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2011 ж.;
«Ақсу қаласына 50 жыл» төсбелгісі-2011 ж.;
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі-2014 ж.;
«Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
Кабылтаев Садибек Жанбиртаевич
ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК бас дәрігері
1964 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
1980 жылы Павлодар қаласының мектеп интернатының 10 классын аяқтады және сол жылы Семей медициналық институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1986 мен 1987 жылдар аралығында Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өткеннен кейін осы ауруханаға травмпункт травматолог дәрігері болып жұмысқа қабылданды.
1988 жылғы қаңтар айы мен 1998 жылғы маусым айы аралығында Екібастұз қ. қалалық ауруханасының балалар хирургиялық бөлімшесінде хирург дәрігері болып еңбек етті.
1998 жылғы маусым айы мен 2007 жылғы мамыр айы аралығында Екібастұз қ. № 2 емханасы бас дәрігері лауазымын атқарды; 2007 жылғы мамыр айынан бастап 2014 жылғы қараша айына дейін Екібастұз қ. №1 емханасы бас дәрігері лауазымына ауыстырылды; 2014 жылғы 17 қарашадан бастап Екібастұз қ. №2 емханасы бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2015 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
Ақырғы бес жыл ішінде келесі циклдар бойынша біліктілігін жоғарылатты:
2017 жылғы 29 мамыр мен 02 маусым аралығында – «Нысанның кешенді қауіпсіздігі» «ҚазМЗУ Университеті» АҚ-да
2016 жылғы 01.09. бен 2016 жылғы 29.09. аралығында — «Денсаулық сақтау менеджменті» 216 сағ. ПФ ММУ Семей қ.
2016 жылғы 04.28. мен 04.30. аралығында «ҚР еңбек заңнамаларының өзекті мәселелері» 18 сағ. Астана Өрлеу
2014ж.02.12. мен 2014ж.12.12. аралығында «Денсаулық сақтау мекемелерінің ТЖ дайындығы және тәуекелдерді басқару» ҚазМУНО 108 сағ.
2014ж.10.20.мен 2014ж.10.24. аралығында «Жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша қаржыландыру жағдайында амбулаториялық-емханалық ұйымды басқару ерекшеліктері » АГИУВ филиалы, Астана қаласы 54 сағ.
2013ж.09.02 мен 2013ж.12. аралығында «Денсаулық сақтау менеджменті» қайта даярлықтан өтті 864 сағ. ПФ ММУ Семей қ.
2012ж.09.03 пен 2012ж.12.21.аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы»- қайта даярлықтан өтті 864 сағ. РМК «ДДРО» Астана қ.
Адал еңбегі үшін грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.
2013 жылы «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды.
2007 жылы «Белсеңді еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
2003 жылы Павлодар облысының 65-жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2002 жылы Екібастұз қаласы мәслихатының Құрмет Грамотасымен және «Күміс белгісімен» марапатталды.
2002 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Павлодар облысының денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2000 жылы медицина қызметкерлері күніне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10-жылдығына Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2000 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Екібастұз қаласы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Казбеков Байбллат Казбекұлы
«Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК бас дәрігері
1960 жылы 27 сәуірде Павлодар облысы Май ауданы майтүбек ауылында туған. 1983 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. Институты бітіргеннен кейін Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында интернатурадан өтті.
1983-1988 жылдары Май орталық аудандық ауруханада хирург болып қызмет жасады. 1988-1991 жылдар аралығында «Строитель» медсанчаста хирург болып жұмыс жасады. 1991-1993 жылдары Алматы қаласында Кл және ЭХ ғлыми зерттеу институтында клиникалық ординатурадан өтті. 1998-2000 жылдар аралығында Султанов атындағы облыстық ауруханасының емханасысы бойынша ба дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет етті.
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Май орталық аудандық аурухана КМК ШЖҚ» бас дәрігері.
Негізгі квалификациясы- хирург- дәрігер, хирургия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары квалификациялық санаты бар, медицина ғылымының кандидаты. Хирургия бойынша ашқан жаңалықтары және ғылыми еңбектері бар. Білімін үнемі жетілдіріп тұрады, теоретикалық білім мен практикалық дағдысы бар.
Еңселі еңбегі үшін алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. 2005 жылы «ҚР Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Невада- Семей Антиядролық қозғалысына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтталды.
Гульназ Макановна Каирбаеваның
«Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері
1973 жылы туған, ұлты: қазақ,
Білімі – жоғары
Мамандығы – емдеу ісі
1991-1997ж.ж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық академиясы, емдеу факультеті (ЖБ-0015948 үздік диплом)
2004-2006ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, экономика факультеті Павлодар қаласы (ЖББ-0020383 үздік диплом)
2016-2017ж.ж. Инновациялық Еуразия университеті, Менеджмент және бизнес факультеті, Павлодар қаласы. Экономика және бизнес магистрі (Диплом ЖООК-М-0129781)
Г.М. Каирбаева 1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек қызметін Павлодар қаласының жедел жәрдем станция дәрігері лауазымынан бастады.
2003-2008 ж.ж. КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері;
2008 ж. — КМҚК «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» қабылдау бөлімінің меңгерушісі;
2008-2010 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 3 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;
2010-2014 ж.ж. — КМҚК «Павлодар қаласы № 1 емханасы» бас дәрігерінің емдеу — сауықтыру жұмысы бойынша орынбасары;
05.01.-09.02.2015 ж. – КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігерінің міндетін атқарушы;
09.02.2015 ж.- КМҚК «Павлодар ауданының емханасы» бас дәрігері;
2006 жылы Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдады.
«Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша 1 біліктілік санаты бар.
Адал еңбегі үшін алғыс хаттары мен мадақтамалары бар:
- 2011 жылы: ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты
- 2015 жылы: Облыстық «Нұр-Отан» партиясының мадақтамасы.
- 2016 жылы: Павлодар ауданы әкімінің мадақтамасы.
- 2016 жылы: Павлодар облыстық «Нұр-Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаты.
- 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай медальмен наградталды.
Аудандық мәслихат депутаты.
Тұрмыс құрған, екі ұл баласын тәрбиелеп отыр.
Касенова Әсем Төлегенқызы
«Павлодар облыстық паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК бас дәрігері
Асем Толенгенқызы Касенова 13 тамызда 1974 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келді, тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр. 1994ж.-2000 ж. Ақмола мемлекеттік академиясы, мамандығы бойынша дәрігер-педиатр, жалпы практиканы бітірді. 2001 ж. — 2002 ж. дәрігер КМҚК «Ертіс ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы» жұмысын атқарды, 2002ж-2006ж. «Солярис» Хосписта дәрігер мамандығы болып жұмыс істеді, 2006-2008ж.ж. Павлодар қ., дәрігер бактериолог ММ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде» жұмыс атқарды. 2009-2014ж.ж. Павлодар қ., СЭОО «Солярис» директор болып қызмет атқарды,»КМҚК Павлодар облысының паллиативтік көмек» ауруханасында 2016 жылдан бастан бас дәрігер қызметтің атқарады
Касимова Бақыт Кабидулақызы
ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері
1965 жылы 19 қыркүйек айында Павлодар қаласында туған.
1982 жылы Екібастұз ауданының Карасук ауылынын орта мектебін тәмамдады.
1982 -1988 жылдарда Семей Мемлекеттік Медициналық Институтында емдеу факултетінде оқыды.
1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Петропавл қаласына институтты бітіргеннен кейін интернатураға жіберілді. 1991 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатураны бітірді. 1992 жылдан 1999 жылға дейін «Экибастузэнерго медицина-санитарлық бөлімініңакушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.
2000 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар қаласының емдеу профилактикалық орталығы «Химиялық зауыт» АҚ акушер гинеколог дәрігері;
2002 жылдан 2003 жылға дейін Ленинск ауылының дәрігерлік амбулаториясында акушер-гинеколог дәрігері;
2003 жылдан 2004 жылға дейін Павлодар қаласының № 1 поликлиникасының акушер –гинеколог дәрігері;
2004 жылдан 2005 жылға дейін Павлодар ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы;
2005 жылдан 2008 жылдары Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында бас маман;
2008 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар қаласы № 2 Емханасында бас дәрігердің МКСБҚ(медициналық көмектің сапасын басқару қызметі) бойынша орынбасары;
2010 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Щербақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасайды;
2015жылы — қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена жене денсаулық ұйымы мамандығы бойынша жоғарғы квалификациялық категориясын қорғады;
2015 жылы -Инновациоялық Еуразия университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару магистры академиялық дәрежесі мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Күзеков Ардақ Мүбәракұлы
ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның директоры
Ардақ Мүбәракұлы Күзеков1964 жылғы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында туған.
Орта мектепті 1981 жылы бітіргеннен кейін «Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына Педиатрия» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1987 жылы тәмамдаған.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша 2003 жылы бітірді, біліктілігі «Экономист».
2016 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия Университетінің магистратурасын тәмамдады, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
Павлодар қ. балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы негізіндегі интернатурадан өткеннен кейін, 1988 ж-дан бастап 1991 ж-ға дейін Баянауыл ОАА-да (ОАА-ның балалар бөлімшесінің меңгерушісі, аудан педиатры болып) жұмыс істеді.
1993 жылы «Фтизиопедиатрия» мамандығы бойынша туберкулез Қазақ ҒЗИ-дағы клиникалық ординатураны бітірді. Кейін Павлодар ДЖФ педиатрия кафедрасының ассистенті ретінде жұмыс істеді. 1996-дан бастап 1999 жыл бойынша ММСҚ (кейін МҚТО) Павлодар облыстық бөлімшесінде түрлі лауазымдарда (бөлім бастығы, директор орынбасарының м.а.) қызмет атқарды.
1999 жылдың желтоқсанында «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК бас дәрігері етіп тағайындалып, сол жерде 2009 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді.
2009 жылдың желтоқсанынан бастап 2012 жылдың қаңтары бойынша Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2013 жылғы 5 маусымнан бастап осы уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК бас дәрігері лауазымында жұмыс істейді.
Жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы (2014 жылғы қыркүйек).
Бір қатар мамандандыруы бар, соның ішінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша.
2005-2006 ж.ж. Астана қаласында «Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджменттің өзекті мәселелері» атты циклі бойынша 6-айлық мамандандырудан өтіп, «Денсаулық сақтау менеджері» біліктілігін алды.
А.М. Күзеков 1-ші (2001 жылғы қазан) мен 2-ші (2006 жылғы қыркүйек) Қазақстан Республикасының балалар дәрігерлері Съезінің делегаты болды.
Мінсіз атқарған жұмысы үшін Облыс енсаулық сақтау басқармасының бірқатар алғыстары мен грамоталары бар.
2003 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен марапатталды.
2010 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.
2011 жылы ««20-лет Независимости Республики Казахстан» Мерейтойлық медалімен марапатталды.
2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» Мерейтойлық медалімен марапатталды.
2015 жылғы мамырда «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен мараптталды.
2015 жылы «25 лет Национальной Медицинской Ассоциации» Мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 жылы «Павлодар облысы денсаулық сақтауының үздік менеджері» номинациясы бойынша «Мамандығы бойынша үздік» конкурсының жеңімпазы болды.
2016 жылғы маусымда «Лучший по профессии 2016 года» республикалық конкурсында «Лучший менеджер-организатор здравооохранения» номинациясында 3-орын алды.
Ардақ Мүбәракұлы Күзеков облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері, облыс емдеу-алдын алу мекемелерінің басшылары, бүкіл медициналық қоғамы арасында үлкен абыройға ие.
Құсаинова Риза Ниғманқызы
ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері
1961 жылғы 28 мамырында Новосібір облысы, Чановский ауданы, Чаны станциясында дүниеге келді.
1968 жылы Ертіс № 3 орта мектебіне оқуға түсті, ал 1978 жылы бітірдім.
1979 жылы Семей мемлекеттік университетінің педиатрия факультетіне түсті.
1990 жылдан бастап 1991 жылға дейін Семей қаласында интернатура.
1991 жылдан бастап Ертіс аудандық аурухананың учаскелік педиатры болып жұмыс істеді,
1993 жылы аудандық педиатры болып тағайындалды,
осы лауазымда 1999 жылға дейін қызмет атқарды.
1999 жылдың қараша айында Ертіс аудандық аурухананың аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.
2003 жылдан бастап инфекционист дәрігері ретінде қызмет атқарды, 2012 жылдың қарашасында Ертіс орталық аудандық аурухананың бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2014 жылдың қыркүйегінен бастап ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды.
2015 жылдың ақпан айында ШЖҚ «Ертіс ОАА» КМК бас дәрігері болып тағайындалды.
Ертіс ОАА бүкіл еңбек жолында бірнеше рет, Ертіс ауданы әкімінің көпжылдық, жемісті және адал еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды, Павлодар облысы әкімінің Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен марапатталды, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалімен марапатталды.
Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы VI шақырылымда аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Мукашев Максат Токмухамбетович
ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры
Павлодар облысы Май ауданы Май ауылында 1963 жылы 02 қазанда туған.
Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
Институтты аяқтаған соң 1984 жылы травматология бойынша Павлодар қ. Сұлтанов ат. Облыстық аурухана базасында интернатурадан өтті.
1985 жылғы 07 тамыздан бастап Ермак орталық қалалық аурханасының травматология бөлімшесіне травматолог дәрігер ретінде қабылданды.
1994 жылғы 01 қарашадан бастап травматология бөлімшесінің ординатор аға дәрігері қызметіне ауыстырылды.
2004 жылғы 16 тамыздан бастап Ақсу орталық ауруханнасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы.
2009 жылдың 30 наурызынан бастап Ақсу орталық ауруханасының бас дәрігері.
2010 жылдың 11 наурызынан Ақсу орталық ауруханасыныңтравматология бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне қабылданды.
2011 жылдың 04 мамырынан бастап «Евразия» МО клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
2013 жылдың 20 наурызынан бастап ШЖҚ «Ақсу қаласының емханасы»КМК – ның бас дәрігері.
2013 жылдың 31 қазанынан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның бас дәрігері.
2015 жылдан бастап ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы»КМК-ның директоры.
Травматолог-ортопед дәрігері жоғары санаты бар.
Марапатталған: Қаазақстан Конституциясының 10-жылдығына мерекелік медаль,2005ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»
төсбелгісі,2007ж., 2001ж. Ақсу қаласының 50-жылдығына мерекелік медаль, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі,2011ж., ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына мерекелік медаль,2011ж.Павлодар облысының 75-жылдығы құрметіне мерекелік медаль,2012ж.
Ақсу қалалық мәслихат депутаты.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Дәулетбек Серікұлы Мусин
«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері
Дәулетбек Серікұлы Мусин, 1971ж. 16 қыркүйекте Павлодар облысы, Баянаул ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін, “Емдеу ісі” мамандығы бойынша, 2006 жылы — Алматы экономика және статистика академиясын, есептеу және аудит бакалавры, 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін магистратураны бітірді.
Еңбек жолымды 1997 жылы Сұлтанов ат. Облыстық ауруханада невропатолог дәрігері ретінде бастады, 2003жылы Сұлтанов ат. Облыстық аурухананың шұғыл жоспарлы-консультативтік көмек (санитарлық авиация) бөлімшесінің меңгерушісі болып, 2005жылға дейін қызмет етті.
2005 жылы Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің емдеу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар қаласының №2емханасында невропатолог дәрігері болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2010жылға дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің емдеу — алдын алу жұмысын үйлестіру және тұрғындардың репродуктивті денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы болды.
2010 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу — алдын алу бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылғы 25 қазаннан бастап қазіргі кезге дейін «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігері.
«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санаттағы сертификатым бар, фтизиатр дәрігері.
Үнемі кәсіби деңгейі мен білімімді жетілдіріп отырады. Жұмысында инновациялық технологияларды енгізіп, әріптестеріммен, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі.
Павлодар облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен, «Асар» РСП ҚБ «Нұр Отан» ХДП марапатталды7
2015 жылы Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғау ісінде ерекше қызмет үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұзақ уақыттан бері газеттермен жұмыс істеді: «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы», олардың беттерінде мақалалары жазылды: «Клапаны здоровья» (маусым 2014 ж.), «Анализ причин развития распространения туберкулеза» (тамыз 2014 ж.), «Сенің денсаулығың-сенің қолыңда» (наурыз 2015 ж.).
Теледидарлық хабарларда «Ирбис» ТК, «Қазақстан — Павлодар», «Хабар», «24 КZ», келесі тақырыптармен белсенді қатысты: «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістерін үйрену» (04.08.14 ж.), «Фтизиатриялық қызметтің құрылымын өзгерту туралы» (22.04.14 ж.), «Облыстық ОТҚД жаңа жабдық» (22.05.2015 ж.), «Туберкулездің алдын алу шаралары» (11.02.14ж.), «Туберкулезді емдеудің инновациялық технологиялары» (22.05.15 ж.)
Қоғамдық өмірде белсенді орын алады.
Нүрсеитов Ерболат Нүрсеитұлы
«Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері
1968 жылы 04 желтоқсанда Май ауданы Май ауылында дүниеге келді .
Білімі жоғары.
1996 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институті, «Емдеу ісі» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1996-2001 ж.ж. Ақсу аудандық орталық ауруханада анестизиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеді. 2001-2015 ж.ж анестизиолог-реаниматолог дәрігері, Май аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2015-2016 ж.ж ШЖҚ «Ақсу аудандық аурухана» КМК стационарының бас дәрігері. 2016 жылы «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ККМ бас дәрігері болып тағайындалды.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, сондай-ақ облыс әкімінің және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Май ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.
Айгүл Тұрсынқызы Оспанова
«Павлодар облысының балалар туберкулезге қарсы санаторийі» КМҚК бас дәрігері
Айгүл Тұрсынқызы Оспанова Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген, осы ауылдың орта жалпы білім беру мектебінде 1972 жылдан 1987 жылға дейін білім алды.
1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1988 жылы педиатрия мамандығы бойынша білім алып шықты.
2016 жылы Инновациялық Евразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді, Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
1988 жылддың 1 тамызынан 1992 жылдың 16 наурызына дейін, педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан кейін, № 1 балалар емханасында педиатр дәрігері болып істеді.
1992 жылдың 16 наурызынан бастап 1994 жылдың 31 қаңтарына дейін 1-інші қалалық аурухананың нәрестелер бөлімшесінде неонатолог дәрігері болып жұмыс істеді.
1994 жылдың 31 қаңтарынан 1997 жылдың 20 қаңтарына дейін қалалық перзентханада нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1997 жылдың 20 қаңтарынан 1998 жылдың 1 маусымына дейін Павлодар қаласының облыстық перзентхананың неонатолог дәрігері болды.
1998 жылдың 20 маусымынан 2002 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қалалсының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінде ординатор дәрігері болып қызмет жасады.
2006 жылдың 5 шілдесінен 2009 жылдың 1 ақпанына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
2009 жылдың 2 қыркүйегінен 2010 жылдың 10 наурызына дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды.
2010 жылдың 10 наурызынан 14 сәуіріне дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері міндеттерін атқарды. Өткізілген конкурс нәтижесінде, Павлолдар облысы денсаулық сақтау басқармасының № 42-ж бұйрығымен 2010 жылдың 14 сәуірінен бастап «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2013 жыдың 25 маусымнан 23 қыркүйекке дейін «Павлодар қаласының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері міндеттерін атқарды. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №285/9 Қаулысы негізінде мекеме атауы «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды, осыған орай мемлекеттік мекеме бас дәрігерінің міндетін атқарушысы болып қайта тағайындалды.
2013 жылғы 27 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері болып қызмет етеді, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігерінің 1 санаты және балалар фтизиатры дәрігерінің біліктілік санатынсыз маман сертификатын бар. Денсаулық саласындағы еңбенк өтілі 29 жыл.
ОТАРБЕКОВ АРМАН ТӨЛЕУСАҒИҰЛЫ
ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК бас дәрігері
1967 жылы 19 шілдеде туған, білімі жоғары, 1992 жылы Семей мемлекеттік медициналык институтын емдеу дәрігері біліктілігі берілумен емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.
1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасында урология бойынша интернатурадан өтті.
Интернатураны аяқтаған соң, 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейін №1 Павлодар қаласының ауруханасының урологиялық бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді.
2001-2014 жылдар аралығында «Апатты медицина теміржол госпиталы» АҚ филиалының Көкшетау теміржол ауруханасының директоры лауазымын атқарды.
2014 жылғы қарашадан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілім 25 жылды құрайды.
2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітіргеннен кейін Менеджмент бакалавры біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді.
2016 жылы Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
2012 жылы «Денсаулық сактау ұйымы және әлеуметтік гигиена» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаты берілді.
2014 жылғы 21 ақпаннан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2008 жылы), Қызыл Жартыай Қоғамының 70-жылдығына Құрмет грамотасы, Ақмола жол бөлімшесі «ҚТЖ» АҚ филиалының алғыс хаты (2010), «Отандык темір жол көлігіндегі қол жеткізген жетістіктері үшін» Құрмет грамотасы (2011), «ЖГМК» АҚ-нан Тәуелсіздік Күніне Құрмет грамотасы (2011), «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2012), «Нұр Отан» ХДП АОФ-ның алғыс хаты (2012) марапатталды.
Сакенова Кулянда Сагынтаевна
ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» КМК бас дәрігері
1960 жылы 24 желтоқсанда Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Екібастұз ауылында дүниеге келді.
1967-1977 жж. Екібастұз а.орта мектебінде білім алды.
1979 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті.
1985 жылы медицина институтының емдеу ісі факультетін терапевт дәрігері біліктілігі бойынша бітірді.
05.08. 1985 — 04. 08. 1986 жылдары Екібастұз мед.ұйымында терапевт мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
04.08. 1986 — 27.11.1989 жылдары Екібастұз көмір мекемесінде цех терапевті қызметін атқарды.
27.11.1989 — 01.10.1993 жылдары — Сарықамыс ауылының дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері.
21.10.1993 — 01.01.1998 жылдары — Екібастұз көмір мекемесінде цех терапевті қызметін атқардым.
01.01.1998 — 01.09.2000 жылдары — «Медиус» ЖШС терапевт дәрігері.
01.09.2000 — 15.03.2001 жылдары — №1 емхананың аллерголог — пульмонолог дәрігері.
28.03.2001 — 10.04. 2002 жылдары — «Медиус» ЖШС терапевт дәрігері.
22.04. 2002 — 01.10.2004 жылдары — Екібастұз қ. денсаулық сақтау қалалық бөлімінің алғашқы мединалық-санитариялық көмек бойынша бас маман.
01.10.2004 — 15.08.2007 жылдары — «Екібастұз қ.№ 3 емханасы» КМҚК ЕМЖ бойынша бас дәрігердің орынбасары.
15.08.2007 — 17.11.2014 жылдары — ШЖҚ «Екібастұз қ.№ 2 емханасы» КМК бас дәрігері.
17.11.2014 жылдан нақты уақытқа дейін — ШЖҚ «Екібастұз қ.№ 3 емханасы» КМК бас дәрігері
Тұрмыстамын, ұл тәрбиеледі.
Сейітқазинова Гүлнар Кенжетайқызы
ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры
1963 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Баянауыл селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, Семей мемлекеттік медициналық институтын, «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының балалар поликлиникасында учаскелік дәрігер-педиатр қызметінде бастады.
1987 жыл мен 2002 жыл аралығында облыстың балалар қауымына стационарлық және амбулаториялық аллергиялық көмек көрсете отырып, педиатр-аллерголог болып істеді.
2002 жыл мен 2006 жыл аралығында-Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры, ал 2007 жылы алғаш құрылған медико-санитарлық көмек бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылады, амбулаториялық педиатрия және инновациялық технологияларға жетекшілік жасайды.
2008 жылғы мамыр айынан 2013 жылғы мамыр айына дейін «Павлодар медициналық ақпараттық-аналитикалық орталығы» КММ директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық- талдау орталығы» ШЖҚ-ғы РММ Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының бастығы (Астана қ.), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС Инвестициялық жобаларды жоспарлау, бағалау және мониторингі Басқармасының жоспарлау- экономикалық бөлімінің бастығы (Астана қ.), ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.)., ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Ана мен баланы қорғау басқармасында бас сарапшы/бас педиатры., ҚР ДСМ бас педиатры қызметін атқара жүріп, педиатрлық қызметке басшылық жасап, балалар кардиохирургиясын, балалар онкологиясын, балалар сурдологиясын, жаңа туған балалар ретинопатиясы мен мектеп медицинасы дамыту эәне жетілдіру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жасау ісіне өзінің тікелей үлесін қосты. ҚР ДСМ РДСДО Медициналық-экономикалық талдау, сараптама және госпитальдау басқармасының басшысы ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына Бірыңғай ұлттық жүйені қолдану бастауларында тұрды.
2013 жылғы қыркүйек айынан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ-ғы КМК бас дәрігері (Павлодар қ.)
2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар Бас реабитологы.
2016 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК директоры.
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушысының жоғары санаты, ұстаздың жоғары біліктілік санаты, дәрігер-аллергологтың, дәрігер-реабитологтың сертификаттары бар.
2006 жылы 2-ші жоғары оқу орынын бітіріп, Инновациялық Еуразиялық Университеттің жергілікті және мемлекеттік басқару бакалаврының үздіктік дипломын алды.
«Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, ҚР БжҒМ ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық беретін Куәлігі бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Денсаулық сақтау саласының жоғары білікті маманы бола жүріп, білім беру қызметін көрсету саласында қызметін жүзеге асыруда. Шығармашылықпен істейтін, ұжымын бірыңғай пікірлестер командасына топтастыра білетін іскер басшы. Ұйымдастырушылық қабілеті мен келешекке жұмыс жасаудың коммуникативтік дағдылары мен біліктері зор.
Наградалары бар: ҚР Денсаулық сақтау Министрі С. Каирбекованың Алғыс Хаты, ҚР Білім және ғылым Министрі Е. Сагадиевтің Құрмет Грамотасы, ҚР ДСӘДМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК директоры М. Кульжановтың Құрмет Грамотасы; Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Павлодар облысы Б. Бакауовтың, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Касимовтың, Облыстың білім беру басқармасының басшысы Б. Бексеитованың ҚР Құрмет Грамоталары, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі.
Смағұлов Зейнелқабиден Ынтықбайұлы
«Павлодар облыстық арнайы медициналық қамтамасыз ету базасы» ММ директоры
Зейнелқабиден Ынтықбайұлы 1958 жылы туған.
Білімі жоғары:
—1981 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институты, мамандығы бойынша «Емдеу ісі»
— 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясы мамандығы бойынша «Қаржы»
Еңбек қызметі:
— 08.1981- 07.1982. ж.ж аралығында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» д әрігер-интерн қызметін атқарды.
—08.1982.- 08.1985. жж. Баянауыл орталық ауруханасында терапия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды;
— 09.1985 — 10. 1987. ж.ж. Семей мемлекеттік медициналық институтында жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатор қызметін атқарды;
— 11.1987-05.1990 ж.ж. Алма-Ата ННИ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар бруцеллез бөлімшесінде кіші ғылыми қызметкер болды;
— 05.1990-01.1994 ж.ж. Бас басқармасы, медициналық көмекті ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрлігінің Қазсср дәрігер-инспекторы қызметін атқарды;
— 01.1994-12.1994 ж.ж. Казахская Корпорация денсаулық Сақтау және Медициналық Сақтандыру «Interteach»;қамтамасыз ету бағдарламалар бөлімінің бастығы болды;
— 01.1995-03.1996 жж. Жаңа-Семей аудандық медициналық бірлестігінде бас дәрігер қызметін атқарды.
— 04.1996-09.1997 ж.ж. Семей қаласы темір жол ауруханасында емхана меңгерушісі қызметін атқарды;
-10.1997-12.1999 ж.ж. — Павлодар қаласы жедел медициналық көмек Ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды,;
— 12.1999-07.2001 ж.ж.- Павлодар қалалық денсаулық сақтау Басқармасының бастығының орынбасары қызметін атқарды;
— 07.2001-03.2010 «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ директоры;
— 03.2010-09.2012 жж. «Ақсу орталық ауруханасы» ШЖҚ бас дәрігері қызметін атқарды;
— 10.2012-12.2014 ж.ж. «Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы» ШЖҚ АҚ және ТЖ штабының бастығы қызметін атқарды;
-2014 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ директор қызметін атқаруда.
Денсаулық сақтау бірінші санатты ұйымдастырушы дәрігер.
З. Ы. Смағулов ұйымдастырушылық қабілеті 2001 жылы әсіресе меди-циналық қоймалар Павлодар қалалық соттың шешімімен Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасына қайтарылғанда, мекеменің жаңа заңды мекен-жайға көшірілгенде айқын көрінді. Көпжылдық сот пен сот орындаушыларына байланысты ұжым басшылықтың барлық медициналық жабдықтарды шығынсыз өз уақытында перелокация аяқтады.Осы уақыт арасында ол үшін қабілетті, сауатты басқарудың орындалатынын көрсетті.
Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы ұжымында және ұжымдағы басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарда лайықты беделге ие.
Зейнелкабиден Ынтыкбаевич денсаулық сақтау ұйымының желісі келесі тақырыптар бойынша: «Ұйымдастыру ауруханалық халыққа көмек» бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Дамыту проблемалары мен перспективалары», «Тиімді басқару, мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығындағы», «денсаулық сақтауды басқарудың Заманауи мәселелері», «Ұйымдастыру Ерекшеліктері емделушілерді қолдау қызметінің және медициналық ұйымдарда ішкі аудит», «Басшылық құрамы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс» бейіні бойынша.
2010 жылы «Нүр Отан» Партия мүшесі болды.
Ақсу қаласысының 50-жылдығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай төс белгілерімен марапатталды.
Советхан Базарұлы Смаков
ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық аурухана» КМК басшысы туралы ақпарат
Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.
Жоғары санатты хирург.
Советхан Базарұлы Смаков 1958 жылы 13 маусымда Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Талица ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.1983 жылы интернатураны аяқтағаннан соң № 1 қалалық ауруханада мен Семей қаласының облыстық ауруханасында хирург-дәрігер болып жұмыс істеуді жалғастырды. 1985 жылдан бастап 1987 жылдар бойынша хирургия мамандығы бойынша КСРО МҒА Бүкілодақтық Хирургия Ғылыми орталығының клиникалық ординаторы болып қызмет етті, сонымен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, нәтижесінде 1989 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ізденуде диссертация қорғап шықты. КСРО-ның өнертабысының бірлескен авторы, ҚР патенттің бірлескен авторы, монографиялардың бірлескен авторы, 50 аса баспа жұмыстарының авторы.
1987-1993ж.ж. дәрігерлерді жетілдірудің Павлодар филиалында хирургия кафедрасында жұмыс істеді.
1995 жылдан бастап Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі.
1999 жылдан бастап Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының емдеу ісі бойынша бас дәрігер орынбасары.
2007 жылдан бастап денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.
2009 жылдан бастап Екібастұз қалалық ауруханасының бас дәрігері. Осы жылы кәсіпорының көпжылдық кредиторлық қарызын жойды, материалдық базасын нығайтты, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде жамбас буынын ішкі протездеуді енгізді. 100 млн.-ға жуық сомаға лизинг бойынша құрылғылар алуды ұйымдастырды. Алғаш рет аурухана тарихында нейрохирургтарды, тамырлы хирург, гемодиализа дәрігерін дайындады. Инсульт орталығын, «Жасанды бүйрек» бөлімшесін ашты.
2011 жылы есеп және аудит бакалавры мамандығы бойынша Алматы қаласының экономика мен статистика академиясын тәмамдады. 2012 жылы «Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының үздік менеждері» номинациясын иеленді.
2013 жылдан бастап Павлодар облысының Денсаулық сақтау басшысының бірінші орынбасары. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын енгізуге қатысты.
2014 жылдың шілдесінен бастап ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері. Екінші жартыжылдықта 2013 жыл үшін 106 млн. теңге көлемінде кәсіпорынның шығынын жойды. 2014-2015 жылдары кәсіпорынның қаржылық жағы оң нәтижеге жетті. Советхан Базарұлы басшылығымен ауруханада қазіргі уақытты заманауи 30-дан аса медициналық қызметтер енгізілді.Оның ішінде : бүйректі лапароскопиялық жолмен алып тастау, бүйрек безін лапароскопиялық жолмен алып тастау, тізе буынының сіңірлерін лапароскопиялық жолмен жаңарту, жамбас буынын ішкіпротездеу, бауыр тамырларының химиоэмболизацияся, жатыр тамырларының эмболизациясы, бас ми тамырларының аневризмасының эмболизациясы.
Көрсетілген және басқа да жаңалықтар Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ғылыми-тәжірибелік орталықтарында білім алуының нәтижесі болды.
2015-2016 жылдардың қорытындысы бойынша кәсіпорын «Сала көшбасшысы» деп танылды.
Марапаттары:
— 2004 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы;
— 2005 жыл — «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
— 2012 жыл – Екібастұз қ. әкімінің құрмет грамотасы;
— 2012 жыл — Бітімгерлік және қайырымдылық қызметі үшін» медаль.
— 2012 жыл «Павлодар облысының 75 жылдығы» медаль;
— 2012 жыл «Павлодар қаласының денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» ҚР ДСМ құрмет грамотасы;
— 2015 жыл — Нұр Отан партиясының құрмет грамотасы;
— 2015 жыл — Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медаль – 2015жыл – эндоскопиялық хирургтардың Қазақстандық Ассоциациясының құрмет грамотасы;
— 2015 жылы — «ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» медаль;
— 2016 жылы «Трансплантация бойынша координациялық орталық» мекемесінің алғыс хаты.
— 2016 жыл – Павлодар облысының мәслихаты, алғыс хат;
— 2016 жыл – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы.
Муслим Тлектесұлы Солтанов
«Павлодар облыстық қан орталығы» КМК директоры
1973 жылғы 9 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл кентінде дүниеге келді.
Орта білім бер мектебін аяқтаған соң, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академияға «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсті.
Әскери дайындықты оқу орны жанында 2000 жылы өттім, медициналық қызмет лейтенанты атаағына ие.
2000-2001 жылдары Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана негізінде «Хирургия» мамандығы бойынша өттім, одан кейін 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін Облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінде жедел көмектің хирург дәрігері болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап 2007 жылдың қараша айына дейін «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-нда хирург дәрігер болып жұмыс істеді. 2007 жылдың қараша айында «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ны бас дәрігерінің міндеттерін атқарушы лауазымына ауыстыру арқылы тағайындалды, 2007 жылдың желтоқсан айында «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМҚК-ны бас дәрігері лауазымына бекітілді. Бұл жерде 2011 жылғы 5 қаңтарға дейін жұмыс істеді. 2001 жылдың 6 қаңтарынан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК директорының міндеттерін атқарушы лауазымына тағайындалды. 2001 жылғы 2 маусымнан бастап Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен конкурс негізінде «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК-ны директоры лауазымына тағайындалды.
2012 жылы «Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті» Павлодар филиалының негізінде «Қоғамдық денсаулық/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта дайындықты өтті. 2015 жылғы маусым айында «Қоғамдық денсаулық/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бірінші біліктілік санат беріле отырып, маман сертификатын алды.
Сыздықов Серім Уақапұлы
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК бас дәрігері
Сыздықов Серім Уақапұлы 1952 жылы Павлодар облысы Ямышево ауылында дүниеге келді.
1976 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады.
Интернатураны аяқтаған соң, 1976 жылдан бастап Павлодар қаласы № 5 емханасында хирург дәрігері болды.
1980 жылдан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында травматология-ортопедия бөлімшесінің дәрігері қызметінде жұмыс атқарды.
1991 жылғы желтоқсан айынан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына ауысты.
1999 жылғы сәуір айында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Әлеуметтік саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
Келесі наградаларға ие:
- «Құрмет» ордені
- «Қазақстан Конституциясына он жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
- «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгі
- «Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгі
- Ресейдің қоғамдық наградасы «Н.И.Пирогов ордені»
2012 жылдан бастап Павлодар облысы маслихат депутаты болып келеді.
2013 жылдан бастап – Павлодар қаласының Құрметті азаматы.
Сүлейменов Мұрат Құснұллұлы
ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК директоры
Туған жылы 12.03 1954 жыл
ұлты қазақ
отбасы жағдайы женат
азаматтығы ҚР
жұмыс өтілі 39 жыл
Еңбек қызметін Қарағандының мемлекеттік медициналық институттың студенті болған кезінен 1974 жылдан бастап, оқуды № 1 қалалық клиникалық аурухананың реанимация және жеделдетілген терапия бөлімшесінде медициналық аға лауазымын жұмыспен біріктірген.
1978 ж. Павлодар қ. №2 қалалық ауруханасы базасында хирургия бойынша интернатура және емдеу факультетін аяқтағаннан кейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерге онколог хирургтың жұмысына кірісті.
1981 ж. диспансер бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауысты. 1983 – 84 ж.ж. онкология және радиология Қазақ ҒЗИ аспирантурада сырттай оқыды.
1985 ж. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды.
1998 ж. тамыз айында конкурстық негізде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департаментті басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, осы лауазымда 2001 ж. желтоқсанға дейін жұмыс істеді. Денсаулық сақтау басқарамасы департаментінде жұмыс істеген уақытты ішінде толық түрде ұйымдастырушы қабілеттін көрсетті. Әріптестерімен бірге облыстық денсаулық сақтау жүйесін сақтай білу, қиындықта, дағдарыс жылдары және істе медициналық қоғамды біріктіру, тұрғындарға медициналық көмекті жақсарту ісінде, денсаулық сақтау басқармасында экономикалық ұстамдарды белсенді енгізді.
2001 ж. желтоқсанынан бастап 2006 ж. қыркүйеке дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.
2006 ж. қыркүйегінен бастап Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департамент басшысының алдын алу емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2009 ж. қарашадан бастап «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.
2012 ж. қаңтардан бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып қайта тағайындалды.
Оның басшылығымен Қазақстанда онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде қатерлі ісіктің атақты тіркеуші енгізілген болатын, бағдарламалық өнім 1988 жылдан бастап ООД қайта жаңартылған, кейін Семейде, Солтүстік Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстанда Шығыс-Қазақстанда және Талдықорған облысында келесіден енгізілген болатын.
1989 жылы «АСУ-онкология» бағдарламалық өнімді өңдеу жөнінде авторлық куәлікті алған.
1991 ж. «Онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде» халық аралық конференцияның жұмысында қатысты.
2003 жылы ПООД «АСУ-онкология» Республикалық бағдарлама енгізілген, сонымен қатар Австрияда Халықаралық конференцияда (Зальцбург қ.), Голландия (Амстердам қ.)
Оның басшылығымен Павлодар облысында онкологиялық қызмет жақсаруы және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстан кеңнен өткізіледі. Диспансері денсаулық сақтау реформасына тұартандыруға кірді. Жыл сайын емделушілерді емдеу бойынша тапсырыстарды орындайды.
40 ғылыми мақалалардың ғылыми-тәжірибелік жұмыстың, 2 жаңашылдықтың және 6 рационализаторлы ұсыныстардың авторы болып табылады.
«Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білімге ие.
Үнемі өзінің біліктілігін жоғарлатады.
Онколог хирург дәрігердің — жоғары санатты біліктілігі, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдастыру дәрігері бойынша бірінші санатты біліктілігі бар.
Жұмыстағы жеткен жетістіктер үшін Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граммотасымен және Денсаулық сақтау ісіне жеке үлесін қосқаны үшін және Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белігісімен және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі»
2005 ж. «Шапағат» Мемлекеттік медаль марапатпен және «Облыс алдындағы жетістіктері үшін» белгісімен марапатталған.
2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен, Денсаулық сақтау ісінің – менеджері дипломымен марапатталған.
2014 ж. Невада Семейдің 25 жылдық мерей тойы медальімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Қазақстанның данқы» орденімен және «Бірлік» алтын медальмен марапаталған.
2013 жылы диспансер «Қазақстан Лидері» Құрмет атағына ие болған. (ҚР рейтингі бірінші орын (Алтын)
2014 жылы диспансер «Сала Лидері 2014» атаққа ие болған. (ҚР рейтингі екінші орын (Алтын)
2015 жылы «Медицина мақтанышы» атағына ие болған. (ҚР рейтингі екінші орын (Күміс)
Облыстың штаттан тыс онколог хирургы болып табылады.
Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев
«Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу мен оған қарсы күрес орталығы» ММ директоры
«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.
1967 жылғы 12 мамырда Ақмола облысының, Жақсын ауданы, Қийма ауылында дүниеге келді.
Білімі: жоғары
-1984 — 1986 жж. — Семей мемлекеттік медициналық институты.
-1988 -1992 жж. — Қарағанды мемлекеттік медициналық институты (емдеу ісі)
-2009 — 2012 жж. — Павлодар мемлекеттік университеті (экономика факультеті)
Еңбек өтілі:
— 1989 ж. — Екібастұз орталық қалалық ауруханасы, медициналық аға;
— 1993 — 1999 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог- ортопед дәрігері;
— 1999 — 2002 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы нейрохирург-дәрігер;
— 2002 — 2005 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог — ортопед;
— 2005 — 2009 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- шұғыл және жоспарлық консультациялық көмек бөлімінің меңгерушісі;
— 2009 — 2010 жж. — Баянауыл орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.;
— 2011 — 2012 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- бас дәрігердің медициналық қызмет, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары;
— 2012 ж.ақпан — Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.
— 2012 жылғы наурыздан бастап 2015 жылғы сәуірге дейін -№1 емхананың бас дәрігері;
-2015 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — « Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.
Жалпы еңбек өтілі :24жыл 02ай.
Қосымша білімі:
30.09.2011 — 29.12.2011 ж. — СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» біліктілігін арттыру.
05.05.2012 — 02.06.2012 ж. – СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» біліктілікті арттыру айналымы;
24.09.2012 — 28.09.2012 ж. — Астана қ. ДСДРО «ШЖҚ мемлекеттік медициналық ұйымдардың операциялық менеджементі» біліктілікті арттыру айналымы;
02.06.2015ж. — Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігердің бірінші санатты категория сертификаты.
Тұрақбаева Фарида Қапарқызы
ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер
Павлодар облысы, Баянаул ауылында 1964 жылы 17 қарашада дүниеге келді. 1981 жылы Павлодар қ. № 14 орта мектебін бітірді.
1981 жылында Қазақстан Коммунистік партиясының Павлодар облыстық комитетінде техникалық хатшы болып істеді.
1982 ж. Семей мемлекеттік Медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсті. Аталған оқуды 1988 ж. аяқтады, Павлодар қ. № 1 ауруханасына акушер-гинекология бойынша дәрігер интерн ретінде қабылданды. 1989 ж. облыстық перзентханаға акушер-гинеколог дірігері қызметіне ауыстырылды. 2003 ж. ҚР «Гедеон Рихтер» АҚ фарм компаниясында өңірлік медицина өкім ретінде 2008 жылға дейін жұмыс істеді. Жұмыс кезінде акушер-гинеколог дәрігерін қоса атқарды. 2005 және 2006 ж. « Дәрігерлік –дене тәрбиесі диспансері» КМҚК Павлодар қ. емдеу бөлімінде директордың орынбасарының қызметін қоса атқарды.
2006-2008 ж. Алматы қаласында «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008 ж. Алматы қ. «Молекулярлық медицина институтында» ЖШС директор қызметін атқарды. 2009-2013 ж. Павлодар облысының перзентханасында дәрігер акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 2013 ж. қараша айында Алматы қаласында «Валента –Фарм» АҚ аға медициналық өкім ретінде жұмыс атқарды. Осы уақытта Алматы қ. «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС клиникасында бас дәрігер ретінде қоса жұмыс істеді. 2014 жылдың қарашасынан бастап Семей қ. ММУ ПФ акушерния-гинекология 2 хирургия курс кафедрасында ассистент оқу ісінің меңгерушісі болды.
2016 жылдың ақпанынан бастап ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер болып қызмет атқаруда.
Туребаев Алтай Уралович
ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері
1963 жылы 4 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылында дүниеге келді. 1980 жылы Ертіс ауданы, Панфилов ауылының орта мектебін бітірген. 1980-1986 жылдары «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтында оқыды, «емдеуші дәрігер» біліктілігі бар. 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесін алды.
1986-1987 жылдар аралығында Жедел медициналық көмек ауруханасы базасы негізінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны өтті.
1987 жылы Облыстық денсаулық сақтау бөлімімен Коминтерн учаскелік ауруханасына хирург дәрігер ретінде жолданды.
1991 жылы Коминтерн ауылының учаскелік ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.
1996 жылы Ақтоғай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.
2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «ТЖ шұғыл медициналық көмектің облыстық орталығы» ММ директорының орынбасары болды.
2009 жылы ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.
2015 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.
1995 жылы Мәслихат депутатына сайланды.
1996 жылы Павлодар облысының мәслихат депутаты болды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды
Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде 25 жыл қызмет атқару кезінде өзін білікті басшы және жоғары білікті ұйымдастырушы ретінде танытты. Басқару процесіне және дұрыс шешім қабылдауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. БМСК қағидаларын жүзеге асыруға қатысады: профилактикалық бағыт, кепілділік, тегін көмек көрсету, жалпы қол жетімділік. Интеллектуалды қабілеті бар, аналитикалық тұрғыда шешім қабылдайды. Мұқияттылық, еңбекқорлық, жинақылық сияқты адами қабілеттері БМСК-ны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.
Отбасылық жағдайы – үйленген.